русский язык
Бокс

Түркістанда IBF чемпионы атағы сарапқа салынатын бокс кеші өтеді

Түркістанда IBF чемпионы атағы сарапқа салынатын бокс кеші өтеді

31 тамызда Түркістанда ірі кәсіпқой бокстың ірі кеші өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясы мәлімдеді.

Басты жекпе-жекте жеңіліп көрмеген қазақстандық Алексей Мазур (8-0-0) өнер көрсетеді. Ол тәжірибелі филиппиндік спортшы Альберт Пагарамен (34-1-0) IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салады.

Файт-кард мынадай болады:

Абдулхамид Хакимов (7-0-0), Өзбекстан - Сергей Горохов (13-6-2), Ресей
Абылайхан Шегалиев (8-1-1), Қазақстан - Евгений Терентьев (18-7-0), Ресей
Дәулет Қаби (2-0-0), Қазақстан - Руслан Родивич (15-33-0), Беларусь
Карина Тазабекова (2-0-0), Ресей - ТВА.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;