«Ақтөбе» – «Торпедо» Кутаиси матчына кімдер төрелік етеді
УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында өтетін «Ақтөбе» – «Торпедо» Кутаиси матчына төрешілер тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу3 тамыз күні Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады.
Бұл ойынға мальталық төрешілер тобы қызмет атқарады.
Бас төреші: Трастин Фарруджа Кан;
Бас төрешінің көмекшілері: Люк Портелли, Дункан Султана;
Төртінші төреші: Малкольм Спилтерри (бәрі – Мальта).