русский язык

«Бешікташ» Зайнутдиновтің трансфері бойынша келіссөзді қайта бастады

«Бешікташ» Зайнутдиновтің трансфері бойынша келіссөзді қайта бастады

Түркиялық «Бешікташ» футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновке әлі де қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спорт журналисі Серкан Дикме Зайнутдиновтің мәскеулік ЦСКА-дан Түркияның «Бешікташ» командасына ауысуы туралы жаңа ақпаратты бөлісті.

«Бақтиер Зайнутдинов пен Окереке тақырыбы біраз созылып кетті. Зайнутдиновке келер болсақ, ЦСКА-ның экономикалық тұрғыда еркін болуы және ойыншыдан бас тартпауы бұл процесті бәсеңдетті», - деді түркиялық журналист.

Бұған дейін ЦСКА-ның ойыншы құнына қатысты ұстанымына байланысты «Бешікташ» Зайнутдинов бойынша келіссөзден бас тартуға шешім қабылдағаны туралы ақпарат шыққан. «Бешікташ» ЦСКА-ға Зайнутдиновтің трансфері үшін үш миллион және бонус ретінде тағы үш миллион еуро ұсынған еді. Ал мәскеулік клуб болса бірден алты миллион еуро талап етіп отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;