Мұсәділовтің келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды
![Мұсәділовтің келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды](https://prosports.kz/upload/news/content//202307/201736_c581adb2059504a40b5624535d05653a.jpg?v=28674672)
«Панда» лақап аты бар қазақстандық боксшы Серік Мұсәділовтің (14-0, 12 КО) шаршы алаңға шығатын уақыты белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.
BoxRec.com сайты хабарлағандай, бірінші ауыр салмақта өнер көрсететін Серіктің келесі жекпе-жегі 28 қазанда Майамиде (АҚШ, Флорида штаты) өтеді. Қарсыластың есімі қазірше белгісіз.
Айта кетейік, Мұсәділов өзінің алдыңғы жекпе-жегін 2022 жылғы 21 қазанда Орландода өткізген, ол кезде мексикалық Хавьер Гомес Руэданы (21- 18, 15 КО) бірінші раундта нокатуқа түсірді.