русский язык
ММА

Рахмонов UFС-дегі келесі жекпе-жегіне дайындығын көрсетті

Рахмонов UFС-дегі келесі жекпе-жегіне дайындығын көрсетті

Танымал қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов Инстаграм парақшасында жаттығуынан видео жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рахмонов әлеуметтік желідегі парақшасында атақты бапкер Генри Хуфтпен АҚШ-тағы жаттығуынан видео жариялап, «Ауыр жұмыс!» деген жазба қалдырды.

Шавкат 17 қыркүйекте UFC аясында америкалық файтер Келвин Гастелуммен кездеседі.

Айта кетейік, қазақстандық файтер әлемнің үздік промоушенінде бес жекпе-жек өткізіп, барлығында мерзімінен бұрын жеңіске жеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;