русский язык
Әлем футболы

Видео. Қытайлық бапкер төрешіні ұрып, артынша өзі есінен танып құлады

Видео. Қытайлық бапкер төрешіні ұрып, артынша өзі есінен танып құлады

Футболдан Қытай екінші дивизионындағы матч кезінде қызық оқиға болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Championat.com сайтына сілтеме жасап.

«Ляонин Шэньян» командасының бас бапкері Дуань Синь төреші шешіміне қарсы болып, дау шығарған. Салдарынан ол қызыл қағаз алды. Бұған ашуланған ол төрешіні бетінен ұрып, артынша өзі есінен танып құлап қалды.

Кейбірінің пікірінше бапкердің қысымы көтеріліп кеткен. Басқаларының пікірі бойынша бапкер тек жазадан құтылу үшін өтірік құлаған.

15-тур матчында «Ляонин» сырт алаңда «Нанкин Ситиден» 0:4 есебімен жеңілді. Команда турнир кестесінде 13-орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;