русский язык
ММА

Суда жүзген балықтай! «OCTAGON» сериалының төртінші сериясы шықты

Суда жүзген балықтай! «OCTAGON» сериалының төртінші сериясы шықты

23 шілдеде UNDERDOG пен QazaqBro Қазақстандағы ММА туралы алғашқы сериал – «OCTAGON»-ның төртінші сериясын жариялады, деп жазады Prosports.kz.

«OCTAGON» сериалының төртінші бөлімі «Суда жүзген балықтай!» деген атпен шықты.

Тартымды драма өмірден өз орнын іздеп, кәсіпқой спорт әлеміне енуге талпынған жас спортшының өмірін баяндайды. Сериалдың кейіпкері Қанат Жұмабектің рөлін сомдайтын кино және ММА жұлдызы Арнұр Қабдолдаев өмірде өзін табуға тырысады. ММА-да бақ сынай жүріп, махаббаты мен биік мақсатына ұмтылады.

Бас кейіпкер үшін әрбір жекпе-жек өзіне және бүкіл әлемге мақсатына жету жолында ештеңе кедергі болмайтынын дәлелдеу мүмкіндігіне айналады. Сериал аралас жекпе-жек әлеміне үңіліп, спорттың адамның өмірін қалай өзгерте алатынын және адамның оның шынайы тағдырын табуға көмектесетінін көрсетеді.

Сериал 2 шілдеде OCTAGON TV youtube-арнасында көрсетілді. Бесінші бөлімі бір аптадан кейін – 30 шілдеде Астана уақытымен сағат 18:00-де OCTAGON TV youtube-арнасында шығады.

OCTAGON сериалы. 1-серия | Алабайға қарсы мысық

OCTAGON сериалы. 2-серия | ММА-дағы дебюті

OCTAGON сериялы. 3-серия | Бәрі немесе ештеңе

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;