«Астана» Чемпиондар лигасы аясында загребтік «Динамомен» матчқа аттанды
![«Астана» Чемпиондар лигасы аясында загребтік «Динамомен» матчқа аттанды](https://prosports.kz/upload/news/content//202307/203991_6af80eaa2c392dc8c58528c4c8edc449.jpg?v=28665435)
«Астана» футболшылары Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойында жергілікті «Динамомен» кездесуі үшін Загребке (Хорватия) аттанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық клубтың баспасөз қызметі әуежай мен ұшақтан «Хорватияда кездескенше!» деп жазба жазылған видеоны жариялады.
«Динамо» (Загреб) - «Астана» ойыны Хорватия астанасында шілденің 25-інен 26-сына қараған түні өтеді.