«Күтіп жүрмін». Зайнутдинов - «Бешікташ» пен «Аталанта» туралы
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызЦСКА мен Қазақстан құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов Sports.ru сайтына берген сұхбатында «Бешікташ» пен «Аталантаның» қызығушылығы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
– Бәрі сен «Бешікташқа» ауысасың деп жатыр.
– Қазір ақпарат көп. Ресми ақпаратты күтейік. Әзірше ештеңе айта алмаймын, күтіп жүрмін.
– «Бешікташқа» ауысқың келе ме?
– Айта алмаймын, қанша дегенмен ЦСКА-мен келісімшартым бар. Арманым - топ-5 лигада ойнау. Түркияның да чемпионаты жақсы. Меніңше, Ресей мен Түркия чемпионаттары бір деңгейде. Тек санкцияларға байланысты Түркиядан Еуропаға кету оңайырақ.
– Бір жыл бұрын сен «Аталантаның» шорт-листіне кіргенің, италиялық клубтар қызығушылық танытып жатқаны хабарланған. Бәрі солай болды ма?
– Ресми ұсыныс болмады. Қызығушылық болды, бірақ жүз пайыздық ештеңе жоқ. Агент маған бәрін айта бермейді, мен көп нәрсені білмейтін сияқтымын. Хабарласқандар көп болды.
– «Аталанта» хабарласты ма?
– Иә. Бірақ жеке өзім олармен сөйлеспедім. Тек Шомуродовтан чемпионат қалай деп сұрадым. Италияда ойнау керек деп айтты. Бәрі маған ыңғайлы чемпионат деп айтады.