русский язык
Командалық

Су добынан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында тағы да жеңіліп қалды

Су добынан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында тағы да жеңіліп қалды

Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Фукуокада (Жапония) су спорты түрлерінен әлем чемпионатының топтық кезеңінде үшінші рет жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Топта қазақстандық ватерполшылардың соңғы қарсыласы Аустралия құрамасы болды.

Су спорты түрлерінен әлем чемпионаты. Топтық кезең. 3-матч. Ерлер

Аустралия – Қазақстан 22-6 (7:2, 3:0, 4:2, 8:2)

Айта кетейік, Қазақстан топтық кезеңде ұпай еншілей алмай, соңғы, 4-орын иеленді. Енді біздің команда 14-16-орындарды сарапқа салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;