русский язык
Теннис

Әлемнің 51-ракеткасы 18 айға спорттан шеттетілді

Әлемнің 51-ракеткасы 18 айға спорттан шеттетілді

ATP рейтингінде 51-орында тұрған швед теннисшісі Микаэль Имер Twitter-дегі парақшасында 18 айға спорттан шеттетілгенін хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өткен жылы спортшы бір жыл ішінде үш рет тесттен өтпей, допингке қарсы ережені бұзды деп айыпталған болатын. Имер бұл шешімге тәуелсіз арбитражда шағымданды, содан кейін ол ақталды. Алайда, апелляциядан кейін Спорттық арбитражды сот Имерді 18 айға кәсіби турнирлерден шеттету туралы шешім қабылдады. Әлеуметтік желіде Микаэль өзінің кінәсіз екенін жариялады.

Биылғы Уимблдон турнирінде Имер 1/16 финалға шығып, колумбиялық Дэниел Галаннан жеңіліп қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;