Ауыр атлетика

Допингпен ұсталған 9 қазақстандық Олимпиада жүлдегерінің бәрі - ауыр атлеттер мен балуандар

news-banner7
mobile-news-top

Тәуелсіздік жылдарында Олимпиада ойындарында жеңімпаз атанып, жүлде алған 9 спортшы допинг қолданғаны үшін медалінен айырылғаны белгілі. Олардың бәрі ауыр атлетика, еркін және грек-рим күресінен ел қоржынына жүлде «салған» болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов редакция сауалына жолдаған жауабында допингтің арқасында Олимпиада жүлдесін алған қазақстандық спортшылардың тізімін ұсынды.

«Тәуелсіз Қазақстан тарихында Ұлттық құраманың 9 спортшысы допинг қолданғаны үшін Олимпиада медалінен айырылды. Олар: Илья Ильин, Ирина Некрасова, Мария Грабовецкая, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова, Нижат Рахимов (ауыр атлетика), Таймураз Тигиев (еркін күрес), Әсет Мәмбетов (грек-рим күресі)», - деп жазылған жауапта.

Комитет басшысы өзге бәсекелестерінің допинг дауына ілігуі Олимпиада мінберіндегі орнын бір саты жоғарылатқан спортшылар да бар екенін еске салады. Халықаралық Олимпиада комитетінің Тәртіп кеңесінің шешімі бойынша:

Грек-рим күресінің шебері Нұрбақыт Теңізбаев «қоласын» «күміске» айырбастаса, тегі ресейлік легионер Алла Важенина ауыр атлетика «күмісін» «алтынға» ауыстырып алған еді. Жеңіл атлет Ольга Рыпакованың Бейжің Олимпиадасында алған қола медалі арада 9 жыл өткенде «күміс» болып өзгерген. Дәл осындай себеппен зілтемішліер Анна Нұрмұхамбетова (күміс), Дәулет Шабанбай (қола), Денис Уланов (қола) Олимпиададағы жетістіктерін жақсартқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер