русский язык

«Қайрат» пен Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы РПЛ клубына ауысады

«Қайрат» пен Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы РПЛ клубына ауысады

Алматылық «Қайрат» пен Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек жақын арада РПЛ-дың «Пари Нижний Новгород» клубының ойыншысы атанады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Новый Спорт Радар» телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше, ойыншының ресейлік клубқа ауысуы жақын арада жүзеге асады, өйткені РПЛ чемпионатының жаңа маусымы бір аптадан кейін басталады. Қазақстандық ойыншыға «Пари НН» командасының бас бапкері Сергей Юран жеке қызығушылық танытып отыр.

Айта кетейік, осы жылы қыста Ғалымжан Кенжебек алматылық клубпен келісімшартты 2024 жылдың соңына дейін ұзартқан болатын. Transfermarkt 20 жастағы жартылай қорғаушыны 225 мың еуроға бағалап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;