русский язык
Хоккей

«Барыс» екі хоккейшімен келісімшартқа отырды

«Барыс» екі хоккейшімен келісімшартқа отырды
news-banner7
mobile-news-top

«Барыс» хоккей клубы шабуылшылар Абай Маңғысбаев және Аңсар Шайхмедденовпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, Маңғысбаевпен келісімшарт екі маусымға, ал Шайхмедденовпен бір маусымға жасалған.

Маңғысбаев 2017 жылдан бері «Барыс» жүйесінде өнер көрсетіп жүр. Өткен маусымда ол «Номад» сапында 36 матчқа қатысып, бес (3+2) ұпай жинады. Мамыр айында Абай элиталық дивизиондағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының сапында алғашқы ойынын өткізді.

Шайхмедденов «Барыс» түлегі. Өткен жылы форвард ҚХЛ-дағы алғашқы толық маусымын өткізді. 53 кездесуде үш шайба соғып, бес нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;