Уимблдон турнирінің финалына шыққан теннисшілер белгілі болды
![Уимблдон турнирінің финалына шыққан теннисшілер белгілі болды](https://prosports.kz/upload/news/content//202307/203991_9e90476d8d74eccb01835b6e0c4c8053.jpg?v=28704032)
Ресейлік теннисші Даниил Медведев Уимблдон - 2023 турнирінің финалына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай финалда әлемнің үшінші ракеткасы испаниялық Карлос Алькарастан үш сетте ұтылды.
1 сағат 52 минутқа созылған кездесу 6:3, 6:3, 6:3 есебімен әлемнің бірінші ракеткасының пайдасына шешілді.
Осылайша, Уимблдон финалындағы Алькарастың қарсыласы серб Новак Джокович болады.