Monte командасының құрамы жаңарды
![Monte командасының құрамы жаңарды](https://prosports.kz/upload/news/content//202307/201736_9ce08644e5cfc88a65f48501f0374cd3.jpg?v=28667911)
Monte ұжымы CS:GO командасының құрамы өзгергенін хабарлады, қатарға Александр br0 Бро қосылды, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы клубтың әлеуметтік желідегі ресми парақшасы хабарлады.
Өзгеріс нәтижесінде Мухаммед BOROS Малхас командадан кетіп, Falcons Esports-ке қосылды, ал бұған дейін Astralis жастар командасында ойнаған br0 енді Monte сапында бақ сынайды.
Monte жаңарған құрамы биыл 26 шілде мен 6 тамыз аралығында Германияның Кельн қаласында өтетін IEM Cologne 2023 турниріне қатысады. Жарыстың жүлде қоры бір миллион доллар.