русский язык
Хоккей

Қазақстан құрамасының қақпашысы «Номадта» өнер көрсетеді

Қазақстан құрамасының қақпашысы «Номадта» өнер көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасының қақпашысы Андрей Шутов «Номадта» өнер көрсетеді , деп хабарлайды Prosports.kz.

Хоккейші маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынын «Барыстың» фарм-клубында бастады. Ол өткен маусымның көп бөлігін сонда өткізген. ҚХЛ тұрақты маусымының басындағы 5 матчтан кейін қақпашы негізгі командада ойнаған жоқ.

Кейінгі әлем чемпионатында Андрей Шутов Қазақстан құрамасының үздік ойыншысы болды. Оның жанқияр ойынының арқасында команда Норвегия, Словакия және Словенияны жеңіп, үш жеңіске қол жеткізді.

Бұған дейін елордалық клубқа канадалық қымбат қақпашы Эдди Паскуале ауысып келді, оған шамамен 650 миллион теңге төленеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;