Ресми: Александр Марочкин мен Степан Лончар «Астанаға» ауысты

Ресми: Александр Марочкин мен Степан Лончар «Астанаға» ауысты
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» қазақстандық қорғаушы Александр Марочкин мен босниялық жартылай қорғаушы Степан Лончарды қатарға қосты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы елоржалық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

«Астанада» Марочкин 22 нөмір, ал Лончар 44 нөмірмен өнер көрсетеді.

Александр Марочкин елордалық клубқа «Тобылдан» ауысып келді. Оның қостанайлық клубпен 2023 жылдың соңына дейін жарамды келісімшарты қос тараптың өзара келісімі бойынша бұзылды. Бұған дейін ол «Іле Сәулет», «Каспий», «Оқжетпес», «Қайсар» клубтарында өнер көрсеткен.

Ал Степан Лончар «Широки Бриег» клубының түлегі. Хорватиялық «Риека», венгриялық «Ференцварош» және бельгиялық «Кортрейк» командаларында ойнаған. Босния және Герцеговина құрамасы сапында 11 матч өткізген.

Ол мансабында 236 матчқа қатысып, 19 гол соқты және 29 нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталы оның трансферлік құнын 850 мың еуроға бағалайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер