«Ақжайық» Қазақстан құрамасының футболшысын жалға алады
![«Ақжайық» Қазақстан құрамасының футболшысын жалға алады](https://prosports.kz/upload/news/content//202307/472_d3dcb13ae3c250f510218a7d0c3bab23.jpg?v=28669455)
Оралдық «Ақжайық» «Атыраудан» Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Мұқағали Пангерейді жалға алады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
19 жастағы Пангерей оралдық клубта «лимитші» позициясын нығайтуға шақырылған.
Ағымдағы маусымда ол «мұнайшылар» сапында чемпионатта 4 және кубокта 2 ойын өткізді.
Еске салайық, Пангерей 19 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы сапында 7 матчқа қатысқан.