Бұрынғы UFC чемпионы Рахмоновпен жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты
![Бұрынғы UFC чемпионы Рахмоновпен жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты](https://prosports.kz/upload/news/content//202307/201736_9fd7e26e086d61a9b43386278c67435f.jpg?v=28665972)
Жартылай орта салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Камару Усман қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізу мүмкіндігі туралы айтты, деп жазады Prosports.kz сайты «Спорт Шредингер» арнасына сілтеме жасап.
– Камару, Шавкатпен жекпе-жек өткізесіз бе? Сіздер Kill Cliff залында бірге жаттығу жасаған едіңіздер.
– Егер ол титулды жекпе-жек болса, қабылдайтын едім. Өйткені, кез келген спортшы чемпион болғысы келеді. Мен чемпион болсам, неге біреудің чемпион болу мүмкіндігінен бас тартуым керек?! Бірақ егер бұл жекпе-жек титул үшін болмаса, оның не қажеті бар, өйткені біз бір жаттықтырушының қол астында жаттығамыз», - деді Усман.