Хоккей

«Барыс» құрамына швециялық шабуылшы қосылды

«Барыс» құрамына швециялық шабуылшы қосылды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық «Барыс» хоккей клубы швециялық Понтус Обергпен бір жылға келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Швециялық шабуылшымен бір жақты келісім-шарт 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін жасалған.

Понтус Оберг 1993 жылдың 23 қыркүйегінде дүниеге келген. Ұлттық хоккей лигасында «Нэшвилл», «Анахайм» және «Торонто» командалары сапында 132 ойын өткізіп қайтты.

Ал Құрлықтық хоккей лигасында Ресейдің «Трактор» (Челябинск) командасының намысын қорғады.

Елордалық клубқа келгенге дейін Швейцарияның «Рапперсвиль-Йона» клубы сапында ойнады.

Сондай-ақ, «Барыс» былтыр команда құрамында ойнаған Егор Шалапов, Майкл Шапю, Дінмұхамед Қайыржан, Кирилл Савицкий, Джереми Бракко, Александр Василевич, Тамирлан Гайтамиров, Нельсон Ножье, Михаил Рахманов, Эмиль Нұрғалиев, Алекс Грант, Роман Старченко, Никита Бояркин, Әділ Бекетаевпен келісім-шарт мерзімін ұзартты.

Ал канадалық қақпашы Эдвард Паскуале «Барыс» құрамына қайта оралды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0