русский язык
Әлем футболы

Англия жастар құрамасы үшінші рет Еуропа чемпионы атанды

Англия жастар құрамасы үшінші рет Еуропа чемпионы атанды

21 жасқа дейінгі Англия құрамасы 2023 жылғы Еуропа чемпионатының финалында Испанияны жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 8 шілдеде Грузиядағы «Батуми Арена» стадионында өтті.

Ойын тағдырын жалғыз гол шешті – 45-минутта «Ливерпуль» сапында өнер көрсететін англиялық жартылай қорғаушы Кертис Джонс қанжығасын майлады. 98-минутта испаниялықтардың есепті теңестіру мүмкіндігі болды, бірақ Джеймс Траффордтың сейвінен кейін Абель Руис пенальтиден гол соға алмады.

Англия жастар құрамасы үшін бұл Еуропа чемпионатындағы үшінші жеңіс болды. Команда бұған дейін 1982 және 1984 жылдары жеңіске жеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;