русский язык
Әлем футболы

Ресми: Еуропа лигасы мен Судамерика кубогының жеңімпазы кездеседі

Ресми: Еуропа лигасы мен Судамерика кубогының жеңімпазы кездеседі

УЕФА мен КОНМЕБОЛ аймақтық клубтық турнир жеңімпаздары қатысатын матч өткізуді бастайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін Еуропа лигасы мен Судамерика кубогын жеңіп алған командалар қатысатын ауыспалы кубоктың құрылғаны жарияланды.

«Антонио Пуэрта XII» деп аталатын форматтағы алғашқы ойын 19 шілдеде «Рамон Санчес Писхуан» стадионында өтеді. «Севилья» (Испания) мен «Индепендьенте дель Валье» (Эквадор) кездеседі.

Матч қосымша уақытсыз 90 минутқа созылады. Есеп тең болған жағдайда жеңімпаз пенальти арқылы анықталады, жеңімпазға арнайы кубок пен медальдар табысталады.

Төрешілерді тағайындауға УЕФА жауапты болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;