русский язык

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы ресейлік клубқа ауысты

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы ресейлік клубқа ауысты

«Уфа» 31 жастағы қорғаушы Дмитрий Мирошниченкомен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дмитрий Мирошниченко Ақтөбеде дүниеге келген. Краснодарлық «Кубань» мен қазақстандық «Ақтөбе» клубының түлегі. «Ақтөбе» мен «Тобыл» сапында ойнап, Қазақстан Премьер-лигасында 200-ден астам матч өткізген. 2013 жылы «Ақтөбемен» және 2021 жылы «Тобылмен» бірге Қазақстан чемпионы атанған. Ол 2014 жылы, 2021 және 2022 жылдары Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды. Қазақстан құрамасы сапында 11 ойын өткізген.

Өткен маусымда Новороссийсктің «Черноморец» клубында өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;