«Астана» Вороговскийдің трансфері үшін қанша төлегені белгілі болды

«Астана» Вороговскийдің трансфері үшін қанша төлегені белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Transfermarkt.com порталы «Астана» қазақстандық қорғаушы Ян Вороговскийдің трансфері үшін бельгиялық «РВД Моленбек» клубына қанша төлегенін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Сайт ақпаратына сенсек, Талғар тумасынығ трансфері үшін елордалық клуб 400 мың еуро төледі. Ал ойыншының нарықтағы құны 600 мың еуроға бағаланып отыр.

Қорғаушы «РВД Моленбек» сапында 2022 жылғы қаңтаран бастап өнер көрсетті. Өткен маусымда командасымен бірге Бельгияның жоғары лигасына жолдама алды.

Айта кетейік, Вороговский «Астанамен» 3,5 жылға жарамды келісімшартқа қол қойды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер