русский язык
Футзал

«Қайрат» АФК бразилиялық ойыншыны қатарға қосты

«Қайрат» АФК бразилиялық ойыншыны қатарға қосты
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» АФК бразилиялық Педро Рибейромен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тараптар арасындағы келісімшарт екі маусымға жасалған.

Педро мансабында бразилиялық «Коринтианс» пен «Магнус Футзал», испаниялық «Сеговия» командаларында ойнады. Өткен маусымда ол мәскеулік КПРФ сапында өнер көрсетті, аталған командада 27 матчқа қатысып, он гол соқты және алты нәтижелі пас берді.

Бразилиялық спортшы айтарлықтай жетістікке жеткен. Бразилия чемпионы, Барзилия кубогының және суперкубогының иегері. КПРФ сапында Ресей чемпионы және күміс жүлдегер атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;