русский язык

Нұрдәулетов: «Мақтаарал» мен «Ақтөбе» арасында үлкен айырмашылық көрмедім

Нұрдәулетов: «Мақтаарал» мен «Ақтөбе» арасында үлкен айырмашылық көрмедім
news-banner7
mobile-news-top

«Мақтааралдың» бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов Қазақстан чемпионатының 14-туры аясында өткен «Ақтөбеге» (1:2) қарсы матч туралы ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

– Қиын ойын болды. Бірақ чемпиондыққа таласып жатқан «Ақтөбе» мен «Мақтаарал» арасында үлкен айырмашылық байқамадым. Голдарды өз қателіктерімізден жіберіп алдық. Бірақ жалпы алғанда ойын маған ұнады. Ойыншыларға: «Ештеңе етпейді, осы ойынымызды жоғалтпауымыз керек» дедім. Қателерімізді түзетсек, бәрі жақсы болады деп ойлаймын.

– Мәжбүрлі аусым ойын тағдырына әсер етті ме?

- Иә, әрине. Осыған байланысты бастапқы жоспардан ауытқуға тура келеді. Бізде 65-минутта ана ойыншыны, 70-минутта мына ойыншыны шығарамыз дегендей жоспар болған. Бірақ ол жоспарымызды өзгертуге тура келді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;