ММА

Белал Мухаммад Рахмонов — Гастелум жекпе-жегіне болжам жасады

Белал Мухаммад Рахмонов — Гастелум жекпе-жегіне болжам жасады
news-banner7
mobile-news-top

Америкалық UFC файтері Белал Мухаммад қазақстандық Шавкат Рахмонов пен америкалық Келвин Гастелум арасындағы жекпе-жекке болжам жасады, деп жазады Prosports.kz.

Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек 17 қыркүйекте Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді.

«Менің ойымша, қызық жекпе-жек болады. Ол Шавкатты жаңа деңгейге шығарады. Бұған дейін оның рейтингтегі қарсыластары Нил Магни мен Джефф Нил болды, бірақ Гастелум — өте танымал есім, ол орта салмақтағы титулға таласқан және қазір жартылай орта салмаққа оралып отыр. Турнир Мексиканың Тәуелсіздік күнінде өтеді және бұл Кельвин үшін үлкен платформа.

Гастелум бокстан шыққан, Джефф Нил сияқты солақай. Гастелум күреске де жақсы екенін білемін, бірақ ол күресті көп қолданбайды. Оны мерзімінен бұрын жеңу қиын, Шавкат оны мерзімінен бұрын жеңетініне сенімді емеспін, бірақ ол бұл жекпе-жекте жеңіске жетуі мүмкін, өйткені ол мықты файтер», — деді Мухаммад әлеуметтік желіде жанкүйер сұрағына жауап бергенде.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов ММА-да 17 жекпе-жек өткізіп, бәрінде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен. Ал Келвин Гастелум 29 жекпе-жекте 21 мәрте жеңіске жеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер