русский язык
Теннис

Зарина Дияс кортқа қашан оралатынын айтты

Зарина Дияс кортқа қашан оралатынын айтты

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс кортқа оралуға дайындалып жатыр.

Кейінгі бір жарым жылда 29 жастағы қазақстандық тек екі матч өткізді. Australian Open-2022 бірінші айналымда отандасы Елена Рыбакинадан жеңіліп қалды, ал өткен жылы "Ролан Гарростың" іріктеу кезеңінен өте алмады.

Денсаулығына байланысты мәселелер мен бірқатар жарақаттарға қатысты әлемнің бұрынғы 31-ракеткасы кортқа оралмады.

- Достар, бәріңізге сәлем жолдаймын! Мен әлі қалпыма келу процесіндемін. Қайта алаңға оралуыма көп уақыт қажет болды. Баршаңызға мәлім, иығымды жаралам алғанмын. Енді бәрі ойдағыдай өтіп жатыр, дайындық үстіндемін, қалпыма келіп жатырмын, америкалық хард маусымы сериясына (шілде айының соңы) оралуды жоспарлап отырмын.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;