Жастар арасындағы Еуропа чемпионатының жартылай финалдық жұптары анықталды
![Жастар арасындағы Еуропа чемпионатының жартылай финалдық жұптары анықталды](https://prosports.kz/upload/news/content//202307/472_9bd839a5dd10d072ed24fcb9f501efdc.jpg?v=28667868)
Жастар арасындағы Еуро-2023 турнирінің ширек финалдық ойындары аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Осы кезеңнің нәтижелері:
1 шілде
Грузия 0:0 Израиль* (пенальтиден 3:4);
*Испания 2:1 Швейцария (қосымша уақыттан кейін).
2 шілде
*Англия 1:0 Португалия;
Франция 1:3 Украина*.
Осылайша турнирдің жартылай финалына Англия, Испания, Израиль және Украина құрамалары шықты.
Жастар арасындағы Еуропа чемпионаты – 2023 1/2 финалының кестесі:
5 шілде
Израиль — Англия
Испания — Украина
Еске салайық, 2021 жылы Венгрия мен Словенияда өткен жастар командалары арасындағы Еурода Германия құрамасы чемпион атанған болатын.