ММА

Алмабаев Рахмонов — Гастелум жекпе-жегі жайлы ойын айтты

Алмабаев Рахмонов — Гастелум жекпе-жегі жайлы ойын айтты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев Prosports.kz сайтына берген сұхбатында Шавкат Рахмоновтың Келвин Гастелумға қарсы жекпе-жегі туралы пікірін айтты.

Асу Гастелумның жекпе-жегін көрмегенін, бірақ Шавкат Рахмоновтың жеңісіне сенімді екенін айтты.

«Шавкатқа бәріміз қолдау көрсетеміз. Шынымды айтсам, Келвин Гастелумның жекпе-жегін көрген емеспін. Сондықтан ол туралы ештеңе айта алмаймын. Рахмоновты бәріңіз білесіздер: 17 жекпе-жек, ​​17 жеңіс және барлығы мерзімінен бұрын. Сондықтан бұл жекпе-жек басқаша болмайды деп ойлаймын, Шавкат өзінің жеңісті сериясын жалғастырады», - деді Алмабаев.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов пен Келвин Гастелум арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйекте Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер