русский язык
Теннис

Тегерандағы турнирде қазақстандық қос теннисші кездеседі

Тегерандағы турнирде қазақстандық қос теннисші кездеседі

Қазақстандық қос теннисші Иран астанасы Тегеранда 18 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан ITF Juniors J100 TEHRAN турнирінің жартылай финалында өзара кездеседі.

Әмір Омарханов (299 ITF Juniors) ширек финалда өзбекстандық Имран Хайтбаевты 6:2, 7:5 есебімен ұтты.

Тағы бір қазақстандық Даниал Рахматуллаев (435 ITF Juniors) үндістандық Криш Тиджиді ойсырата жеңді – 6:2, 6:0.

Енді Омарханов пен Рахматуллаев жартылай финалда финалдың жолдамасын сарапқа салады.

Заңғар Нұрланұлы (692 ITF Juniors) ширек финалда үш сағатқа созылған аса тартысты бәсекеде жарыстың 8-ракеткасы, германиялық Артем Ляпшинге жол берді – 6:4, 5:7, 4:6.

Тегеранда Әмір жұптық сында финалға шықты. Ол соңғы бәсекеде болгариялық Иван Найденовпен бірге өзбекстандық Имран Хайтбаев – белоруссиялық Даниил Ряженкоумен шеберлік байқасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;