русский язык
Әлем футболы

Конференция лигасының алдағы финалдарын қай қалалар қабылдайды?

Конференция лигасының алдағы финалдарын қай қалалар қабылдайды?

УЕФА 2024 және 2025 жылдары Конференция лигасының финалдық ойындарын қабылдайтын қалаларды атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

2024 жылы маңыздылығы бойынша үшінші орындағы еурокубок турнирінің шешуші матчы Грекияның Афина қаласында, АЕК командасының стадионында өтеді. 2025 жылы финалды Польшаның Вроцлав қаласы қабылдайды.

Афинадағы арена 31 мың, ал «Вроцлав стадионы» 45 мың көрермен сыйдыра алады.

Айта кетейік, Афинадағы арена 2022 жылы ғана ашылған. УЕФА стадион сапасының талапқа сай екендігіне көз жеткізу үшін 2023 жылдың соңында АЭК пен Грекия құрамасының аренадағы ойындарын тексеретінін атап өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;