русский язык
Әлем футболы

«Арсенал» «Вест Хэм» жартылай қорғаушысының трансфері бойынша рекордтық ұсыныс жасады

«Арсенал» «Вест Хэм» жартылай қорғаушысының трансфері бойынша рекордтық ұсыныс жасады

«Арсенал» «Вест Хэм» жартылай қорғаушысы Деклан Райс үшін 100 миллион еуро мен бонус ретінде 5 миллион еуро ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі The Athletic сайтына сілтеме жасап.

Бұл «зеңбірекшілер» үшін рекордтық ұсыныс болды, бірақ «Вест Хэм» оны қабылдамады. Ал 24 жастағы жартылай қорғаушының клубпен келісімшарты 1 жылға есептелген.

Осылайша, «Вест Хэм» «Арсеналдың» үшінші ұсынысынан бас тартты. Сондай-ақ клуб Райс бойынша «Манчестер Ситидің» бірінші ұсынысын қабылдамаған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;