русский язык
Ауыр атлетика

Мәдениет және спорт министрі Седовтың өз-өзіне қол жұмсауына қатысты пікір білдірді

Мәдениет және спорт министрі Седовтың өз-өзіне қол жұмсауына қатысты пікір білдірді

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ауыр атлет Владимир Седовтың өз-өзіне қол жұмсауы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Tengri Sport-қа сілтеме жасап.

«Біріншіден, әрине, бұл көрнекті спортшы екенін айтқым келеді, соның арқасында еліміздің туы бірнеше рет Олимп шыңында тұрған.

Қазақстан чемпионаттары мен халықаралық турнирлердегі тамаша нәтиже көрсету – бұл біздің ауыратлетиканың ғана емес, жалпы қазақстандық спорттың тарихында қалары сөзсіз.

Көрнекті спортшының барлық туған-туысы мен жақынына көңіл айтамын!

Қазір құзырлы органдар бұл мәселені тексеріп жатыр. Біз тағы да көңіл айтамыз. Құзырлы органдардың сараптамасынан кейін толық ақпарат беріледі», - деді министр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;