Головкиннің келесі қарсыласы мен жекпе-жектен алатын гонорары белгілі болды
![Головкиннің келесі қарсыласы мен жекпе-жектен алатын гонорары белгілі болды](https://prosports.kz/upload/news/content//202306/203991_6638c1ed95d1b8b91ea2151240ee6972.jpg?v=28673235)
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы пуэрторикалық Эдгар Баланга (21-0, 16 КО) болуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Головкиннің аты Головкин, бірақ қазір оның жасы ұлғайды. Әйтсе де атағы бар, яғни аты сатылып жатыр. Жекпе-жек үшін ол 15 миллион доллар таба алады.
Балангамен жекпе-жек өткізу үшін Головкинге 15 миллион доллар береді! Бұл қызық жекпе-жек болар еді, бірақ кейінгі кезде ол тек ақша тауып жүр», - деді Аурелио Морено YouTube-тегі арнасында.