Ауыр атлетика

Қазақстандық ауыратлет Владимир Седов өз-өзіне қол жұмсады

Қазақстандық ауыратлет Владимир Седов өз-өзіне қол жұмсады
news-banner7
mobile-news-top

Танымал қазақстандық ауыратлет Владимир Седов өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жетісу облысы Полиция департаменті ақпараты бойынша, 26 маусымда сағат 22.05 шамасында Үштөбе қаласы Достық ауылы Исаев көшесі, 37-үй мекенжайында үйдің шатырында Седов Владимир Владимирович асылып, суицид жасағаны туралы хабарлама түскен. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелген.

Қайғылы жайтты Қазақстан ауыр атлетика федерациясы растады.

«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2008 жылғы Олимпиаданың қатысушысы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы әрі рекордшысы Владимир Седов бала кезінен спорт көңіл бөлетін. Жетістіктері үшін «Құрмет» орденімен марапатталған. Владимир Седов 35 жаста еді», - делінген хабарламада.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер