Қазақстандық файтер OCTAGON 46 турнирінде нокаутпен жеңіске жетіп, чемпиондық титулын қорғады
![Қазақстандық файтер OCTAGON 46 турнирінде нокаутпен жеңіске жетіп, чемпиондық титулын қорғады](https://prosports.kz/upload/news/content//202306/472_df8f81a85ea2dbd90b3951ed1abecec2.jpg?v=28666585)
Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасының OCTAGON 46 турнирінде кештің басты кездесуі өтті, деп жазады Prosports.kz.
Жеңіл салмақ чемпионы қазақстандық Анастасия Дюжикова (6-2) түркиялық Татьяна Фирсавамен (6-2) жекпе-жек өткізіп, чемпиондық атағын қорғады.
Алғашқы екі раундта Анастасия басымырақ болды. Ал үшінші бесминуттықта қазақстандық файтер қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.
Бұған дейін кештің тағы бір басты жекпе-жегінде Ақтөре Батырбек (5-2) бірінші минутта өзбекстандық Шахзод Джуракуловты (6-6) жеңген болатын.
OCTAGON 47 турнирі 22 шілдеде Алматыда өтеді.