Магомед Адиев РПЛ клубын жаттықтыруға бара ма
![Магомед Адиев РПЛ клубын жаттықтыруға бара ма](https://prosports.kz/upload/news/content//202306/201131_f11d067325ccc5d671d9579a9c82b74b.png?v=28674352)
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Әдиев СЭ басылымына берген сұхбатында Ресей Премьер-Лигасының (РПЛ) клубынан ұсыныс түссе не деп жауап беретінін айтты.
- Маған Қазақстан құрамасында жұмыс істеген ұнайды. Әзірге осы орнымда қалатын секілдемін. Бапкердің әрқашан үлкен жұмысты қалайтыны түсінікті. Егер нұсқа шығып жатса, жіті ойланамыз.
Ұсыныс түссе – ойланамыз. Ал көп жағдайда мұндай сұрақтармен өзімді қинамаймын, – деп жауап берді Әдиев.