Жалғас Жұмағұлов — Джошуа Ван жекпе-жегінің нақты уақыты белгілі болды
![Жалғас Жұмағұлов — Джошуа Ван жекпе-жегінің нақты уақыты белгілі болды](https://prosports.kz/upload/news/content//202306/201736_b416ebc613f2f38f06b09a489d023819.jpg?v=28672078)
24 маусымда қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-8) Джексонвиллдегі UFC on ABC 5 турнирінде АҚШ өкілі Джошуа Ванмен (7-1) кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жұмағұлов — Ван жекпе-жегінің тікелей трансляциясы Астана уақытымен шамамен 22:50-де басталады, оны UFC-дің ресми сайтынан көруге болады.
Айта кетейік, бұл Жалғас Жұмағұловтыңн UFC-дегі жетінші жекпе-жегі. Отандасымыз әлемдегі ең ірі промоушенде бір мәрте жеңіске жетіп, бес рет жеңілді. Ал Джошуа Ван UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізгелі отыр.
Жалғас Жұмағұлов өткен демалыста өнер көрсетуі керек еді, бірақ оның бразилиялық Фелипе Бунеспен (13-6) жекпе-жегі өтпей қалды.