ММА туралы алғашқы қазақстандық сериалдың фотосеті мен тұсаукесері өтетін күн жарияланды
![ММА туралы алғашқы қазақстандық сериалдың фотосеті мен тұсаукесері өтетін күн жарияланды](https://prosports.kz/upload/news/content//202306/201736_ff7c761f38d4922b591c822988ee5269.jpg?v=28668089)
Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасы ММА туралы алғашқы қазақстандық сериалдың басты кейіпкерлерінің фотосетін жариялады, деп жазады Prosports.kz
Картина тұсаукесері 2 шілдеде OCTAGON TV ютуб-арнасында өтеді.
Айта кетейік, 24 маусымда Алматыда OCTAGON 46 турнирі өтеді, кештің басты жекпе-жегінде аса жеңіл салмақтағы чемпион қазақстандық Анастасия Дюжикова (6-2) белбеуін түркиялық Татсьяна Фирсаваға (6-2) қарсы қорғайды.
Сондай-ақ, кеш аясында «OCTAGON» сериалының басты актері Арнұр Қабдолдаев, театр және кино актері Асылхан Төлепов, көпшіліктің сүйіктісі Ақтөре Батырбек, орта салмақтағы жеңіліп көрмеген чемпион Керим Даидов және басқа спортшылар өнер көрсетеді.