«Let’s go». Рахмонов UFC топ-файтеріне жауап берді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызӘлеуметтік желіде жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов Кевин Гастелумның шартына келісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұған дейін Гастелум қазақстандықтың жекпе-жек стилін сынап, бірақ кездесу өткізуге келіскенін айтқан.
«Өзімді Шавкат үшін стилистикалық қорқынышты түс ретінде көремін. Ол шабуылға асыққан кезде кей тұста өте ебедейсіз көрінеді, мен оны пайдаланамын. Жекпе-жек өткізетін күнді белгіледім, онымен жұдырықтасуға дайынмын », - деген еді Гастелум.
«Бұл жігіт менімен жекпе-жек өткізгісі келетін сияқты, Let’s go», - деп жауап берді Рахмонов әлеуметтік желіде.