Рыбакина Берлиндегі турнирдің ширек финалына өте алмады
![Рыбакина Берлиндегі турнирдің ширек финалына өте алмады](https://prosports.kz/upload/news/content//202306/201736_5899a366045c9ce87d985b83b4889ad4.jpg?v=28704500)
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Берлинде өтіп жатқан теннис турнирінің ширек финалына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирдің екінші ракеткасы Рыбакина екінші айналымда хорватиялық Донна Векичке есе жіберді – 7:6, 3:6, 4:6.
Айта кетейік, кездесу 2 сағат 14 минутқа созылды.
Осылайша, келесі айналымда Векич ресейлік Элина Аванесянмен кездеседі.