«Ордабасы» мен «Ақтөбенің» Конференция лигасындағы қарсыластары белгілі болды
![«Ордабасы» мен «Ақтөбенің» Конференция лигасындағы қарсыластары белгілі болды](https://prosports.kz/upload/news/content//202306/472_a9c7247c96797283c06b0dec7b0a7022.jpg?v=28658715)
Ньонда (Швейцария) УЕФА Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық клубтардың бұл турнирдегі қарсыластары белгілі болды.
Шымкенттік «Ордабасы» іріктеу кезеңінде варшавалық «Легиямен» кездеседі.
«Торпедо» Кутаиси – «Сараево» кездесуінің жеңімпазы «Ақтөбемен» кездеседі.
Ал «Тобыл» (Қостанай) – Хонка (Финляндия) жұбының жеңімпазы швейцариялық «Базельмен» күш сынасады.
Ал «Астана» Чемпиондар лигасынан ұшып кетсе, Конференция лигасының екінші кезеңінде «Хамрун Спартанс» (Мальта) – Маккаби Хайфа (Израиль) жұбының жеңілгенімен кездеседі.