русский язык

Қазақстан тумасы «Сочиге» ауысты

Қазақстан тумасы «Сочиге» ауысты
news-banner7
mobile-news-top

Чехиялық оң қапталдағы қорғаушы Юрий Медведев Сочи командасына еркін агент ретінде ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Соңғы бес жылда 27 жастағы Медведев «Слован» сапында ойнап, бес дүркін Словакия чемпионы және екі дүркін ел кубогының иегері атанды.

Өткен маусымда Медведев 40 кездесу өткізіп, 1 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.

Еске салайық, Медведев Ақтөбе облысы, Бадамша ауылында дүниеге келген, бірақ жастайынан отбасымен Чехияға қоныс аударған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;