русский язык
Теннис

Қазақстандық теннисші Пармадағы турнирде ширек финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисші Пармадағы турнирде ширек финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко француз Александр Мюллермен бірге Пармадағы (Италия) турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымдағы кездесуде Попко/Мюллер жұбы Р.Бонадио (Италия)/Д.Фонио (Италия) дуэтінен басым түсті - 6:4, 6:4.

Матч бір сағаттан астам уақытқа созылды.

Еске салайық, Попко жекелей сында бірінші айналымда Аргентина өкілі Андреа Коллариден 4:6, 3:6 есебімен ірі есеппен жеңілген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;