русский язык

Қазақстан құрамасы сенсациялық жеңістен кейін әлемдік рейтингте жоғары көтерілді

Қазақстан құрамасы сенсациялық жеңістен кейін әлемдік рейтингте жоғары көтерілді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу матчында Солтүстік Ирландияны сенсациялық жеңгеннен кейін (1:0) кейін ФИФА рейтингінде серпіліс жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Football-ranking.com сайтының мәліметі бойынша, тікелей рейтингте Қазақстан бірден 10 позицияға көтеріліп, 102-ші орында тұр.

Еске салайық, Магомед Адиевтің қамқоршылары тарихты жасай алды. Ұлттық құрама қатарынан үш жеңіске жетіп, 9 ұпаймен Финляндиямен бірінші орынды бөлісіп отыр.

Алғашқы сенсацияны Даниямен (3:2) матчта қазақстандық футболшылар тудырса, одан кейін Сан-Мариноны (3:0) жеңіп, табыстарын нығайтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;