русский язык
Әлем футболы

Месси Сауд Арабиясында демалғаны үшін қомақты қаржы алады

Месси Сауд Арабиясында демалғаны үшін қомақты қаржы алады
news-banner7
mobile-news-top

Жеті дүркін «Алтын доп» иегері Лионель Месси Сауд Арабиясында 3 жылға 25 миллион алады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты «Первый спорт» телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Бұл соманы Аргентина құрамасының капитаны үш жылда алады. Ол үшін Месси және оның отбасы жылына бір рет аталған елге барып, бес жұлдызды қонақүйде демалып, туризм туралы жылына 10 пост жазса болғаны, одан бөлек үкіметтің әрекетін сынамауы керек, деп жазады The New York Times.

Айта кетейік, бұған дейін Лионель Месси ұлттық құрамадан кететіні туралы мәлімдеме жасаған. Ол Аргентина құрамасында 2005 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол команда сапында барлығы 174 кездесу өткізіп, 102 гол соққан. Ұлттық құрамамен бірге 8 жүлде жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;