Еуро 2024 іріктеуіндегі Солтүстік Ирландия - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы
![Еуро 2024 іріктеуіндегі Солтүстік Ирландия - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы](https://prosports.kz/upload/news/content//202306/472_b989a07759c8ebb369fc431fb8e4a205.jpg?t=1687154344?v=28665860)
20 маусымға қараған түні Белфастта Қазақстан құрамасы футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Солтүстік Ирландия құрамасымен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойын Астана уақытымен 00:45-те басталады. Кездесудің тікелей трасляциясын Qazsport телеарнасында немесе ресми сайтында көруге болады.
Еске салайық, Қазақстан құрамасының қоржынында алты ұпай, Солтүстік Ирландияда үш ұпай бар. Қазақстандық футболшылар кейінгі кездесуінде Сан-Марино құрамасын 3:0 есебімен жеңді, ал Солтүстік Ирландиялы Даниядан 0:1 есебімен жеңіліп қалған болатын.