«Команда мүддесі бәрінен жоғары». Адиев Солтүстік Ирландияға қарсы матч туралы ойын айтты

«Команда мүддесі бәрінен жоғары». Адиев Солтүстік Ирландияға қарсы матч туралы ойын айтты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев матч алдындағы баспасөз мәслихатында Солтүстік Ирландияға қарсы ойын туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барлық ойыншы жарақаттан аман, ойынға дайын. Матчқа құрған жоспарымыз бар, соны жүзеге асыруға тырысамыз. Иә, біз Солтүстік Ирландияда онша танымал емеспіз, бірақ мұны артықшылық деп айта алмаймын. Футболда атақ ешқандай рөл атқармайды.

Сан-Мариноға қарсы матчта тізімге енбеген ойыншылар алдағы ойында тізімге енуі мүмкін. Ал кейбір ойыншы, оның ішінде бір қорғаушыны тізімнен алуға тура келетіні анық, бірақ мен үшін кез келген ойыншының жеке амбициясы мен ренішінен гөрі ұлттық құраманың мүддесі әрқашан жоғары», - деді Адиев Meta-ratings.kz. сайтына.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер